«Сурет салу — мен үшін өмір сүру»: талантты суретші Марина Жубаковамен ашық сұхбат

15.11.2024, 15:01
100
«Сурет салу — мен үшін өмір сүру»: талантты суретші Марина Жубаковамен ашық сұхбат Эльмира Бауыржанқызы

35 жастағы Марина Жубакова  - жас суретші және кәсіпкер, өткен жылы өзінің «Арт Атмосфера» атты студиясын ашып, шығармашылық әлемінде жаңа белестерге қадам басты.

Бала кезінен сурет салуды сүйген, бірақ оны тек хобби деп санаған Марина қазіргі уақытта бойындағы өнері арқылы табыс табадыАйтуынша уақыт өте келе оның жүрегіндегі шынайы құштарлық кәсіби жолға айналуға тиіс екенін түсінді. Өзінің сүйікті ісін бизнеске айналдыру арқылы, ол тек шығармашылығын жүзеге асырып қана қоймай, өз арманына толыққанды қанат қақты. Оның тарихы – хоббиді нағыз кәсібіңе айналдырып, үлкен табысқа жету жолында жүріп өткен әрбір адамға күш-жігер мен шабыт береді

Сұхбат барысында Марина сурет өнеріндегі барлық сұрақтарға ашыла отырып шынайы жауаптар берді. Болашақ суретшілер үшін пайдалы болады деп қойылған сұрақтар:

- Сіздің хоббиіңізді жұмысқа айналдаруыңызға не себеп болды?

- Егер сенсеңіз, мендегі сурет салу жалғыз хобби болған жоқ. Мен киім тігуді, қолдан неше түрлі тоқымалар тоқып, қолмен жасалатын дүниенің барлығына бала күнімнен қызығушы едім. Ал сурет салу енді ең ерекше сүйікті ісімнің бірі болды. Қасымдағы бір жақын құрбымның туған күні болған кезде өз қолыммен теңіздің суретін салып, сыйлық ретінде берген кезде өте қуанып, неге мен осындай қабілетіммен бұл жұмыспен айналыспайтыным жайлы өз ойын айтқан болатын. Сондағы бір сөз менің барлық ойымды бір жерге түйіндеп, осы жай ғана хобби болып жүрген осы бір бойымдағы өнерім дәл қазір менің ең бірінші жұмысым және күнделікті табысым десем, қателеспеймін.

- Сурет салу жолыңызды қалай бастадыңыз?  

- Мен кішкентай кезімде қолыма қалам алып, түрлі түсті бояуларым болмаса да, тыныштықта отырып сурет салсам, жан дүнием тынышталатын. Арнайы бір уақыт ішінде демеймін, ес білгелі осы суретке деген махаббат ерекше бойымда тулап тұрады. Ал негізі, жоғарыда жауап бергенімдей, тура қазір бір жыл болады, қалай мен осы сурет салуды күнделікті жұмысыма айналдырғаныма. Барлық адам қалаған нәрсені, олар іске кіріскен кезден жүзеге асырады. Демек, мен өзіме сенсем де, бұл жолды енді тек бір жыл бұрын бастадым. Міне, сол үшін жас суретшімін, өз жолымды енді бастаған деп айта аламын.

- Сурет салу барысында өзіндік бір қиындықтар болған кез болдыма?

- Қанша жерден бойыңда тума талант болса да, әр кезеңде бір қиындықтан өту керек. Менің де осы салада бастапқы қиындықтарым болды. Олар, негізінен, сурет салумен тікелей байланысты. Өзім ұстаздық мамандықты оқығандықтан, сол сала мен қазіргі жұмысым арасында ешқандай байланыс жоқ. Сурет салуды қайта бастағанда, өзімді басқа бір адам сияқты сезініп, осы саланы енді ғана қолға алып жатқаныма күмәнданып жүретін кездерім болды. Себебі, бала күнімнен сурет салуға қызыққаныммен, бұл салаға толықтай кіргеніммен, менде қажетті білім жоқ еді — сол бірінші қиындық болды. Кейбір адамдар сурет салу деген тек қана бояп, салып қою деп ойлайды. Бірақ сурет салудың да өзіне тән оқуы, әр бояудың өз орны, техникалары бар. Бұл — өнер, оған да білім мен дағды керек. Ал мен арнайы оқыған жоқпын, сол себепті бастапқы кезде осы жайттар қиындықтар туғызды.

A05AF9A9-6B74-4B88-885A-7B90907A6ADE.jpg

Сурет авторы: Эльмира Бауыржанқызы

- Сурет салу жолындадағы кездескен бұл қиындықтар мен күресіп жатырсыз ба? Нағыз талантты, мінсіз суретші болуға деген дағдыларыңызды қалай оятып жатырсыз?

- Өте орынды сұрақ. Шынымды айтсам, дәл қазір күнделікті ізденісте жүрмін. Мысалға айтсам, топырақтан, балшықтан әртүрлі бұйымдар жасап, өзім үшін де жаңа жолдарды ашып жатырмын. Күніне халықаралық көрмелерде көрсетілетін деңгейдегі суреттер салуға ұмтылып келе жатырмын деп айтқым келеді.  

- Сіз қандай сурет стилін ұнатасыз және неге?

-  Осы сұрақты көбісі сұрап жатады, дегенмен меніңше, нағыз суретші бір стильде тұрып қалмау керек. Барынша жан-жақты болуға ұмтылу керек. Ал жеке өзіме келетін болсақ, мен стиль таңдағаным емес, дегенмен  көбінесе пейзаж стилін қолданамын. Тағы айта кетерім, ол — табиғат. Сіздер бәлкім сенбейтін шығарсыздар, бірақ барлық суретшілер өз жолын ең бірінші табиғатты бейнелеуден бастайды. Себебі табиғат мені өте қатты шабыттандырады. Өзіңіз білесіздер, мен шынайылығы бар суреттерге назар салып салғанды жақсы көремін. Тек табиғат емес, кішкентай қазақ даласында жүретін түрлі жануарлардың балаларын бейнелеу мен үшін өте қызықты. Мысалы, қозы, түйенің баласы — бота. Міне, осындай сүйкімді көріністерді сала отырып, жан дүниемді тыныштандырамын.

- Сіздің музаңыз кім?

- Муза — ол табиғаттың өзі. Дәл Қазақстанның табиғаты, міне, менің музам. Біз өз еліміздің ең әдемі жерлерінің қаншамасын әлі толық көрген жоқпыз. Мен өзім саяхаттауды қатты жақсы көремін, сол себепті барынша табиғатты, таза ауаны, кең даланы аңсап тұрамын. Тіпті, бұл сұраққа ойланып жауап беру керек сияқты. Өйткені, адам өз ішкі музасын өмірінің соңына дейін іздеп шығатын секілді. 

Алдына үлкен армандарын қойып отырып, өз елінің көркем өнеріне деген құштарлығын оятып жатқан талантты суретші Марина келесі сұраққа ұзақ ойлана отырып, ерекше жауап берді.

Сурет авторы: Эльмира Бауыржанқызы

- Сіздің ойыңызша біздің елімізде көркем өнер Орталық Азиямен салыстырғанда қаншалықты дамыған?

- Қазақстандағы көркем өнер Орталық Азиямен салыстырғанда біршама дамыған, бірақ әлі де көп жақсарту керек. Қазақстанда соңғы жылдары заманауи өнердің дамуы байқалады, яғни жаңа стильдер мен өнер түрлері көптеп пайда болуда. Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларда осы өнер түрлерінің дамуы қарқынды. Бірақ, көркем өнер саласы негізінен тек үлкен қалаларда жақсы дамыған, ал ауылдарда немесе шағын қалаларда бұл сала әлі де баяу дамып жатыр.

Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті өнерге үлкен әсер етеді, ал суретшілер әртүрлі тақырыптарда жұмыс істеп, жаңа идеяларды енгізуге тырысады. Бірақ, әлі де көптеген ресурстар мен қолдаулар қажет, әсіресе жас суретшілер үшін. Қорыта айтқанда, Қазақстанда көркем өнер жақсы дамып келеді, бірақ оған толық қолдау көрсету және дамыту үшін уақыт пен ресурстар қажет.

- Суретші болу талант па, әлде еңбек нәтижесі ме?

- Осы сұраққа мен былай жауап берер едім: мен — бұл өнерді арнайы оқымаған адамның мысалымын. Барлық дағдыларымды мен тәжірибе арқылы, қысқа мерзім ішінде меңгердім. Егер адамда қандай да бір дарын болса, бірақ ол оны дамытпай жатса, ол дарын уақыт өте келе жай ғана сөнеді деп айтуға болады. Ал егер адамда табиғи қабілеттер болса, әрі ол осы қабілеттерін дамытуға күш салып, жаттығып, бір нәрсені үйреніп, тәжірибе жасап отырса, онда бұл дарын қолдау тауып, болашақта оның мансаптық өсуіне көмектеседі. Сондықтан сурет салу — бұл тек табиғаттан келген талант қана емес, ең алдымен еңбек, табандылық және көп жағдайда — практика.

- Сіздің ең қымбат картинаңыз қаншаға сатылды немесе қаншаға сатар едіңіз?

- Осы уақытқа дейін мен әлі ауқымды бағаға өз жұмыстарымды сатпадым. Сатуға деп арнайы салған суреттеріммен қоштасқым келмей, көп ретте қиындықтарға тап болатын кездерім болды. Бірақ бір суретімді 80 мың теңгеге сатқаным есімде. Ол сурет қатты қымбатқа сатылды деп айта алмаймын, бірақ мен сол суретке барлық еңбегімді бағалап, сол бағаға сатуды жөн санадым. Ал болашақта сатылымға шығаратын суреттерім өте көп. Мен суреттің көрінісін емес, оған кеткен барлық күшімді бағалай отырып сатамын. Кейде үш апта бойы бір суретке кіріп кетемін, ал ол деген үлкен уақыт пен еңбекті талап ететін суреттер болады. Олар, әрине, қымбатқа бағалануы керек. Бастысы, қаншаға сатылғаным емес, бастысы — сол суреттегі барлық еңбегім сатып алушыға шынайы көрінгені деп айтар едім.

Сурет авторы: Эльмира Бауыржанқызы

- Өз өнеріңізді халықаралық деңгейге шығару жоспарда барма?

- Барлық суретшінің арманы — өз қолөнерін халықаралық деңгейде көру шығар, меніңше. Осы кезде айтқым келетіні, барлық қазақстандық суретшілердің жасаған суреттері тек қазақстандықтар үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі көрмелерге шығатындығына сенімді түрде айта аламын. Қаншама талантты жастарымыздың өнерлері бағаланса деймін. Дәл солай, менде әрине өз туындыларымды болашақта жоғары деңгейге жеткізгім келеді. Қазақстан ішінде бірнеше сурет салу жобаларының желісін ашып, дарынды да талантты суретшілерді шығарып, олардың жұмыстарын әлемге танытсам деген ең бірінші қалауым — осы. 

- Cурет салумен айналысуды бастаушы адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Әрине, айтарым көп. Ең бірінші, өздеріңізді тыңдаңыздар. Негативке немесе басқалардың пікіріне қарамастан, өз істеріңізді тоқтатпаңыздар деп айтқым келеді. Сондай-ақ, көп ізденісте болыңыздар, түрлі білім жолына ұмтылыңыздар, барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Алға қадам басуда ешқашан тоқтамаңыздар. 

Бүгінгі сұхбатқа ашық жауап берген жас қазақстандық суретші Марина Жубаковаға алғыс білдіреміз. Өз бойымыздағы талантты сүйікті ісімізге айналдыруға еш уақытта кеш емес екенін түсінуге бүгінгі сұхбат ерекше әсер етті деген сенеміз.

 

МАҚАЛА АВТОРЫ: ЭЛЬМИРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Дана Нұржігіт: Адамнан алаяқтық арылмайды, халық болып күресуіміз керек! (ВИДЕО) Қант қызылшасы молынан жиналады: Қант бағасы арзандай ма? «Қызым «сен папам емессің» деді»: блогер ДНҚ нәтижесінен соң қызын мойындап, өз қателігін түсінгенін айтты Ақтөбеде 73 жастағы қарт анасын қызы ұрып өлтірді «Сурет салу — мен үшін өмір сүру»: талантты суретші Марина Жубаковамен ашық сұхбат Азия ойындары Көшпенділер ойындары емес: Қанша жүлде бұйырар екен? Итті пышақтаған ақтөбелік бала жауапкершіліктен құтылып кетті «Сол күні ағасы Нұрқанатты тонап, 4 рет пышақтаған»: Шерзаттың адвокаттары қылмысқа қатысты жаңа деректерді айтты «Ысыраптың алдын аламыз»: Қостанайда жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды «Өнерде шектеу жоқ»: қазіргі қазақ киносы режиссер Ақбөбек Тұлжанованың көзімен Қос өнердегі шебердің тәжірибесі «Адам өз уақытының «баласы»: ғылымға ғашық жан Әсем Құсмановамен ашық сұхбат Жасанды интеллект медицинаны да жауламақшы ма? Табиғат тосын мінез танытса, моноқалалар әбігерге түседі «Әр тиынның есебін сұрау керек!!!»: Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты «Қайдағы үш жыл?»: Солтүстікте бүтін бір отбасыны бизнестегі бәсекелестері тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО) Инфляция төмендеді, жалақы өсіп жатыр – Ұлттық банк төрағасы Балалар үйіндегі 16 жасар қыз аяғы ауыр боп қалды Енді қазақ сарбаздары араб тілін үйренуге міндетті Жалған дипломмен орман шаруашылығы саласында сайраңдап жүрген