«Қызым «сен папам емессің» деді»: блогер ДНҚ нәтижесінен соң қызын мойындап, өз қателігін түсінгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
15.11.2024, 15:58
1794
«Қызым «сен папам емессің» деді»: блогер ДНҚ нәтижесінен соң қызын мойындап, өз қателігін түсінгенін айтты коллаж smartnews.kz

Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызын әуелде мойындамай, енді не себепті көмектесіп жүргенін ашып айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы Дархан Жолшыбеков Taboo бағдарламасында қонақ болып, кездесуді бүкпесіз баяндап берді. 

«Айшамен кездеспес бұрын, анасы Айданамен жолықтық. Баласыз бәрін асықпай отырып, шешіп алайық дедім. Содан кейін барып Айша әпкесімен келді. Мен бәрін шын жүрегіммен жасадым. Бірақ әпкесі: «Бізден саған не керек?!» деп сұрады. Сол сұрағы сүйектен өтіп кетті.

Сол кезде мен бәрін ақтарып, айтып салдым. Инстаграм үшін жасап жатыр деп ойлаған сияқты. Халық шулап жатқанда мен де қатты қиналдым. Тіпті, қызым екенін мойындаған да жоқпын. Жағдайды шын қабылдамадым.

Сол сәтте Еуропаға кетейін деп жүргем, соның тірліктерімен жүгіріп жүрдім. Сенсеңіз, ДНҚ-ны да жай тапсыра салған едім. Бірақ 100 пайыз менің биологиялық қызым болып шықты. Содан кейін барып өзімнің не бүлдіргенімді білдім.

Қызыма көлік сыйлап, баспана алып бергенім үшін мақтанбаймын. Болашақта да көмектесіп тұрамын. Ең алғаш кездескенде өзіме қатты ұқсаттым. Айша нағашы атасын «Папа» дейді екен. Мен сұрағанда: «Папам емессің» деді. Қазір бәрі жақсы. Мені қабылдамайды деген қорқыныш болған еді», – деп ағынан жарылды блогер. 

Сондай-ақ әйелі Дариғаның қалай қабылдағанын да айтып, ел алдында алғыс білдірді.

«ТikTok-та Айшаның анасы шулатып жатқанда әйелім Дариға да көрді. «Мына қызды шынымен танисың ба?» деп сұрады. «Жоқ, танымаймын» деп жауаптан жалтарып кеттім. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік. Бірақ соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды.

Дариға да: «ДНҚ тапсырасың ба, давай, қызық болсын. Тапсырып көр» деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдарға өтініш жасап, біліп алдым. Сол кезде-ақ менің қызым бар екенін түсіндім.

Үйге жеткенше ойланып келдім. «Бұл – сенің көзіңе шөп салу емес, саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас» дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық», – деді Дархан. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады