Американ жігіт өзбекстандық ғашығына бару үшін өзін өлген қып көрсетіп, елден қашып кеткен

Аиса Махамбет Редактор
15.11.2024, 18:38
746
Американ жігіт өзбекстандық ғашығына бару үшін өзін өлген қып көрсетіп, елден қашып кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Отбасы өлді деп жүрген Райан TikTok блогерінің видеосынан көрініп қалды. Ол блогерден «Өзбекстандағы сүйіктіме барғаным дұрыс па?» деп сұраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та Висконсин штатында із-түссіз жоғалып, өлді деп саналған, үш баланың әкесі Райан Боргвардт Өзбекстандағы сүйіктісіне кетіп қалған.

People порталының дерегінше, Райан Боргвардттың жоғалып кеткені алғаш рет тамызда белгілі болды. 12 тамызда Боргвардтың көлігі көлдің батыс жағындағы  Додж мемориалдық паркінің жанындағы тұрақтан табылған. Келесі күні балықшылар қорап, әмиян, кілт пен Боргвардқа тиесілі құжаттарды тапқан. 

28 күн ішінде сүңгуірлер мен еріктілер Райан Боргвардттың денесін іздеп, таппаған. 7 қазанда полиция Боргвардттың төлқұжатын канадалық құқық қорғау органдары тексергенін білген. Ер адам құжатының жоғалғаны туралы мәлімдеп, 22 мамырда жаңасын алғаны белгілі болған.

Боргвардт жоғалып кетпес бұрын компьютерін тазалап, электрондық поштасын ауыстырып, сақтандыруды 375 мың долларға рәсімдеп, ақшаны шетелдік банкке аударған. Полиция ер адам өзінің өлімін қолдан жасап, Еуропаға қашып кетті деп санайды.

“Жаңа дәлелдердің арқасында біз Райанның көлімізде жоқ екеніне сенімдіміз", - деді жергілікті шериф.

Райан Боргвардттың кейін TikTok желісінен көрініп қалуы күтпеген жаңалық болды. Жоғалып кеткен соң ер адам бір-екі айдан кейін желідегі видеода блогерден  «Өзбекстандағы сүйіктіме барғаным дұрыс па?» деп сұраған. Ол өзінің үйленгенін, бірақ басқаға сезімі бар екенін жеткізген. Сонымен қатар қандай шешімге келерін білмей жүргенін айтқан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды