«Маған айтылып жатқан әңгіме көп»: Елена Рыбакина неліктен Қазақстан атынан ойнамай жүргенін айтты (ВИДЕО)

15.11.2024, 18:55
1058
«Маған айтылып жатқан әңгіме көп»: Елена Рыбакина неліктен Қазақстан атынан ойнамай жүргенін айтты (ВИДЕО) depositphotos

Елена Рыбакина енді Қазақстан атынан өнер көрсетпейтіні рас па? Теннисшінің өзі жауап қатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ұлттық құрама сапында халықаралық турнирлерде ойнамауына байланысты жанкүйерлер тарапынан айтылған сынға жауап берді. 

Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңі қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында өзіне тағылып жүрген сыни әңгімелер туралы айтты. 

"Шынын айтқанда, айтылып жатқан әңгіме көп. Бірақ маған қолдау танытып жүрген жандар да бар. Өкінішке қарай, денсаулығым сыр бергенде, мен біраз нәрседен бас тартуға мәжбүр боламын. Ал қазіргі уақытта өзімді жайсыз сезініп тұрғаным жоқ, бірақ керемет формадамын деп те айта алмаймын. Дегенмен 100 пайыз барымызды салсақ, әрі қарай өтуге толық мүмкіндігіміз бар", - деді Елена Рыбакина. 

Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореяға қарсы екі матчқа қатысады. Алғашқы ойын 16 қарашада Сео Хен Пакқа қарсы өтеді, ал екінші кездесуде 17 қарашада Да Ен Бакпен күш сынасады. Барлық матчтар Астанадағы Beeline Arena кешенінде өтеді.

Айта кетейік, соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде Елена Рыбакина денсаулық жағдайына байланысты ұлттық құрама сапындағы екі кездесуін және Олимпиада ойындарын жіберіп алған болатын. Сондай-ақ Елена Рыбакинаның биылғы маусымда қанша қаражат тапқанын жазған едік.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды