«Тарихта бірінші рет»: Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» Ақкербезге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
15.11.2024, 19:23
1742
«Тарихта бірінші рет»: Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» Ақкербезге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады коллаж smartnews.kz

Байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындаған продюсер қайтадан жеңімпаз анықталатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Баян Мақсатқызы провайдерлердің жарты миллионға жуық дауыс берушілерді көтере алмай, Telegram ботының дауысты қабылдамай қалғанын айтты. Сол себепті де "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қайтадан анықталатын көрінеді. 

"Қазақ аруы" байқауына қатысты үлкен хабарлама жасағым келіп тұр. Біздің провайдерлер артылған жүкті көтере алмады. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арна барлық дауыс берушілерді көтере алмады. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген екен. Бұл байқаудың үлкен танымалдылыққа ие екенін білдіреді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр", – деді жоба жетекшісі.  

Оның сөзінше, эфир қалай жазылды сол күйінде беріледі. Тек дауыс беру үшін 2,5 сағат беріліп, сілтеме жаңартылады. Телекөрермен тікелей эфир барысында қайтадан дауыс бере алады.

"Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа қайтадан Ақкербез лайық болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде", – деді Баян Мақсатқызы.  

Еске салайық, "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы атанған еді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)