«Циклон әсері»: 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер ел аумағының көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемі әсер ететінін айтты.
Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде төменгі бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші