Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңгені жымқырған: Перизат Қайрат 2 айға қамалды

16.11.2024, 09:55
667
Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңгені жымқырған: Перизат Қайрат 2 айға қамалды бейнежазбадан алынған кадр

Су тасқынынан бөлек, Перизат Қайрат халықтан Палестинаға көмек береміз деп тағы ақша жинаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша тағы бір қосымша ақпараттың анықталғанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше ол су тасқынынан бөлек, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты да жымқырған. 

Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын, сол бойынша оның тағы да 200 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғанын алға тартты.

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды.

Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды, – делінген хабарламада.

Ал Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынғанын жеткізді.

2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түскен.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ