Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы

16.11.2024, 18:35
141
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы qazaqgeography.kz

Қыдыр қонып, бақ дарыған, «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт қалды» деген нақыл сөзге өрілген, киелі әулие-әмбиелердің отаны болғанмаңғаз мекен Маңғыстаудың жұмбақ сырға толы табиғаты көрген жанға ерекше әсер береді. Қиялын қияға жетелеп, ғажайып бір күйге бөлейді.

Тасын түртсең, тарихы сөйлей жөнелетін қасиетті мекенді кейбіреулер «мың қыстау» дегеннен шыққан деп түсіндірсе, енді бірі төрт жасар қойдан таратылған деген нұсқаларды (әрине бұл тек жорамал) алға тартады. Бірақ бұл топонимнің сенімдірегі – «Құбыжықтар тауы» деп аталуы. «Маңғыс» сөзі түркі және моңғол мифологиясында айдаһар деген мағынаны білдіреді. Бұл қаншалықты нанымсыз болса да, Ақтаудан жүз шақырым жерде жатқан Торыш алқабына барсаңыз, көз алдыңыздан көлбеңдейтін сұлбалар сенбесіңізге қоймайды.  Не десек те, Маңғыстау өңірі «362 әулие елі», халқы Шопан ата мен Бекет ата есімдерін пір тұтады, ерекше құрметтейді. Қарт Каспийдің өзі бес мемлекетпен шектесіп, Түрікменстан, Әзербайжан, Қазақстан секілді түркі мемлекеттеріне ортақ қазынаға айналып отыр. Міне, талайдың назарын өзіне аударған аймақ бүгінде туристердің қызығушылығын арттырып келеді.

Бозашы түбегіндегі ең көне мұнай-газ кен орындарының біріҚаламқас. Бұл атау әйгілі батыр қыздың есімімен байланысты. Аңыз бойынша, Қаламқас – Бектеміс әулетінің қызы, ол ерте заманда Бозашы түбегінде өмір сүрген. Заты әйел болса да, жастайынан ер адамдармен бірге аңға шыққан көрінеді. Бірде елге жау шауып, еркек кіндіктілер жауғааттанған сәтте ол қарттар мен балаларды асырауды өз мойнына алады. Қаламқас өз серіктерімен бірге бір түнде құдық қазып, сол жерде азықтарын сақтаған соң, аңға шығады. Ақбөкенді арнайы дайындалған орға айдап бара жатқанда оның аты сүрініп, өзі терең шұңқырға құлап, қаза табады-мыс. Батыр қыздың есімі бүгінге дейін ұмытылмай, осы аймақта ғана емес, ежелгі қорымда да сақталып, ескерткіш те орнатылған. Мұны біреу білсе, біреу біле бермейді. Түркі халықтарының батыр қызы Томирис іспетті жаужүрек қыз шыққан бұл мекеннен. Тарихқа бойлай берсе, сыршыл мекен Маңғыстау жайлы сан-мың хикаяға кездесесіз.

Сондықтан біз қасиет тұнған қазыналы өлкені әлемге кеңірек таныта түсуді көздей отырып, осынау киелі мекеннің орталығы Ақтау қаласын биыл ТҮРКСОЙ «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» деп жарияладық. Бұл тарихи шешімді осыдан бір жыл бұрын Әзербайжанның Шуша қаласында қабылдасақ та, 16 қараша күні Түрікменстанның Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Ашқабатта өтіп жатқан TҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 41-отырысында Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның мәдениет министрлері әрі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында ресми түрде 2025 жылды Ақтау қаласын – түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялап отырмыз.

Биыл түркі әлемінің мәдени астанасы Түрікменстанның Анев қаласы болды. Мәдени астананың салтанатты ашылуына арналған жиындатүркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген баспасөз өкілдері Ахал облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің шағын үлгілері қойылған ашық аспан астындағы аймақты, Аркадаг қалалық музейін және жаңадан салынған ғимараттарды жақыннан көру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ сапар аясында әлемге әйгілі ахалтеке жылқылары өнер көрсеткен циркке барып, естен кетпес керемет қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды. Әсемдігімен әлемге әйгілі ахалтеке аттарымен түрлі акробатикалық өнер көрсеткен цирк әртістері қатысушылардың қошеметіне бөленді. Жыл бойы 20-дан астам мәдени, әдеби, спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Келесі жылы да дәл осындай қарқынмен мәдениет пен тарихтың тоғысқан тарихи мекені Маңғыстауда да мерекелік мәдени шараларды ұйымдастырып, түркі әлемнің жер-жерінен өнерпаздар мен басқа да маңызды қонақтарды шақырып, киелі мекеннің мәртебесін арттырып, халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұған дейін де Қазақстанның екі қаласы Астана мен Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болған. Ақтауда 2025 жыл абыроймен өтіп, әлемдік қоғамдастық түркі дәстүрлерінің не екенін және бауырлас халықтарымызды не біріктіретінін көріп, білсе дейміз. Әрине, осы орайда бізді үнемі қолдап келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен бірлескен іс-шараларды өткізбекпіз. Біздің міндетімізбүкіл әлемде түркі мәдениетін сақтау және насихаттау.

Айта кетейік, халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы 1993 жылы Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның Мәдениет министрлерінің шешімімен түбі бір түркі әлемінің мәдениетін насихаттау мақсатында құрылған алғашқы халықаралық мәдени ұйым. Осынау 31 жыл ішінде ұйым бағытынан жаңылған емес. Өзім басқарып отырған соңғы 3 жылда мәдени іс-шараларды жиі өткізумен қатар жастарға қолдау білдіріп, әсіресе, білім, ғылым, спорт салаларына үлкен мән беріп отырмыз. Алдағы уақытта да түркі мәдениеті, түркі ынтымақтастығына қызмет етуді жалғастыра бермекпіз.

Сұлтан РАЕВ

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы

Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағының асыл тасы рекордтық бағаға аукционда сатылып, әлем жұртшылығын шошытты «Бұл Құдайдың құдіреті, кездейсоқтық емесі анық»: Айгүл Иманбаева жаңа енесін елге көрсетті (ВИДЕО) Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы «Бір арманын орындап үлгермей қалды»: Бейсен Құранбектің жары журналиспен өткізген өмірі туралы айтып берді «Үйім жоқ, қарызым көп»: Нұрлан мен Мұратты елге танытқан сазгер тіршіліктің тауқыметін тартып жүр «Маған арам дүние керек емес»: «Қазақ аруы-2024» жеңісін сатып алды дегендерге жауап берді «Вдруг өліп кетсем деп телефон тазаладым»: депутат Дәулет Мұқаев аяқасты ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) «Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім»: Бибігүл Төлегенова күйеулерінен көрген қорлығы туралы айтты (ВИДЕО) «Бір тойда үш ат мінгізді»: Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын дүркіретіп атап өтті Жеңілістен көз ашпаған «Барысқа» Қайрат Нұртас көмектеспек (ВИДЕО) «Қырқы өткенше үндемедік»: Талғардағы күдіктілердің туыстары Шерзаттың әкесін жазалауды талап етті (ВИДЕО) Некесін қиған күні өлтірілген 22 жастағы марқұм Диасқа қатысты облыс әкімі пікір білдірді (ВИДЕО) «Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Студент кезде Перизат Қайрат жатақханада телефон ұрлап, оқудан шығарылған боп шықты (ВИДЕО) Мейрамбек Қартбай бастаған балуандар ел кубогында жеңімпаз атанды Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңгені жымқырған: Перизат Қайрат 2 айға қамалды «Циклон әсері»: 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Одан да Қазақстан шоколадының 35-ін алмайсың ба?»: Меруерт Түсіпбаева тренд қуатындарды сынады (ФОТО) «Тарихта бірінші рет»: Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» Ақкербезге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Маған айтылып жатқан әңгіме көп»: Елена Рыбакина неліктен Қазақстан атынан ойнамай жүргенін айтты (ВИДЕО) Американ жігіт өзбекстандық ғашығына бару үшін өзін өлген қып көрсетіп, елден қашып кеткен