Елімізді қыс қыспаққа алмай ма? Қазгидромет синоптиктері наурызға дейін ауа райы қандай болатынын айтты

17.11.2024, 10:10
1687
Елімізді қыс қыспаққа алмай ма? Қазгидромет синоптиктері наурызға дейін ауа райы қандай болатынын айтты Sputnik / Максим Богодвид

Синоптиктер Қазақстанда алдағы 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың желтоқсаны еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Қарлы күндер де, жауын-шашынсыз кезең де болуы мүмкін. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

«Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады деп күтілуде, алайда жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының нормадан төмен болмайды», – деп қорытындылады синоптиктер.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды