Мейрамханада жанжал шығарған атыраулық блогер 850 мың теңге өтемақы төледі

17.11.2024, 10:50
743
Мейрамханада жанжал шығарған атыраулық блогер 850 мың теңге өтемақы төледі SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бәлеқор блогер біресе дүкенде өтірік жанжал шығарса, біресе жасөспірім даяшыларды көрсетіп тойды болдырмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда блогер алдымен дүкенде жанжал шығарған. Кейін мейрамханада кәмелетке толмаған жасөспірімдер жұмыс істейтінін көрсеткен соң той болмай қалған. Той өткізуші мейрамхана иесіне жалдау құнын төлеуден бас тартқан. Бұл туралы Kazinform жазды.

Атырау қалалық сотында дүкен мен мейрамхананың иелерінің шағымына байланысты азаматтық іс қаралды. Екі талап қоюшы блогерге ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық зиян өтемақысын өндіру, жауапкерді әлеуметтік желілерде рұқсатсыз жарияланған фото мен бейнежазбаларды өшіруді міндеттеу туралы талап қою арызын берген. 

«Блогер талап қоюшыға тиесілі дүкенде тауарларға қатысты жанжал шығарып, барлығын бейнежазбаға түсірген. Бірнеше рет талап қоюшыны ұрған. Талап қоюшы блогердің қолынан ұрған. Болған жағдайдың барлығын талап қоюшының қызы бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Нәтижесінде екі әйел адам бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Кейін блогер той салтанаты өтіп жатқан мейрамханаға келіп, тікелей эфирге шыққан. 

«Мейрамханада кәмелетке толмағандар жұмыс істейді деп көрсеткен. Осының салдарынан той болмай, қонақтар тарап кеткен. Ал, тапсырыс беруші талап қоюшыға төлем жасаудан бас тартқан. Сот блогерден талап қоюшының пайдасына 850 мың теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп, мейрамханада кәмелетке толмағандар жұмыс істейді деген жалған ақпаратты әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы теріске шығаруды міндеттеді. 

Ал, блогер талап қоюшының қызы дүкенде болған жанжалдың бейнежазбасын өзінің рұқсатынсыз жүктегенін көрсетіп, талап қоюшыларға моральдық зиянды өндіру, жалған мәліметтерді теріске шығару туралы қарсы талап қою жолдаған. 

«️Блогердің қарсы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Оның келісімінсіз әлеуметтік желіде жарияланған суретті заңсыз пайдаланғаны үшін талап қоюшылардан 250 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді», -деп мәлім етті аталған соттан. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды