1172

«Заң шығарғандардың балаларында водитель бар, халықта ше?»: Жазира Байырбекова бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті (ФОТО)

Әнші заң шығарушыларға қарсы үндеу тастады.

«Заң шығарғандардың балаларында водитель бар, халықта ше?»: Жазира Байырбекова бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті (ФОТО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Жазира Байырбекова бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті.

Ол заң шығарушылар мектепке өздері барып келетін балалардың қауіпсіздігін елемегені үшін ашуланды.

УАҚЫТТЫ ҚАЙТАРЫҢДАР!
Мектептен, балабақшадан балалар шыққанша қап-қараңғы.
Заң шығарушылардың балаларында водитель, няня бар.

Ал қарапайым халықтың бәрінде ондай мүмкіндік бола бермейді. Мектепке өздері барып келетін оқушылардың үйіне қараңғыда оралуы қауіпті екенін неге ескермейді уақытты өзгертушілер?

Неге сағатты жылжытты,
Кім біледі??

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор