«Сығандардан таяқ жегені – қып-қызыл өтірік»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні театрларды сотқа бермек

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2024, 14:14
683
«Сығандардан таяқ жегені – қып-қызыл өтірік»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні театрларды сотқа бермек жеке мұрағатынан

Танымал ақын, драматург Исраил Сапарбай жазған «Сыған серенадасы» мұрагерлердің рұқсатынсыз қойылып жүрген көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аңыз адам, Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың келіні «Сыған серенадасы» спектаклін қойып жүрген театр басшыларын сотқа бермек. 

Мәлімдемені Ботагөз Қалдаяқова «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында өткен мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында жеткізді.

«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы мұрагерлердің рұқсатынсыз «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр. Мұрагерлер ол оқиға туралы бірнеше рет айтқан.

Нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа береміз», – деді марқұм сазгердің келіні

Сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді.

чМемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады