Мешіттегі жарылыс: зардап шеккен 16 адам Астанадағы ауруханада, 3 адам қаза болды

17.11.2024, 14:50
1051
Мешіттегі жарылыс: зардап шеккен 16 адам Астанадағы ауруханада, 3 адам қаза болды бейнежазбадан алынған кадр

Бұрынғы намазханада ас беру кезінде жарылыс болып, 3 адам өмірмен қош айтысты…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысына қарасты Сабынды ауылындағы мешітте газ баллоны жарылып салдарынан үш адам қайтыс болған. Ал 16 адам түрлі деңгейде зардап шеккен. Бұл туралы Kazinform жазды.

Төтенше жағдай ауылдағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде болған. 

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шықты, барлығы жеті газ баллоны болған. Жарылыстан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Сонымен қоса құтқарушылар үйінділердің астынан 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізді», - делінген хабарламада. 

Қазір газ жарылысы болған жерде жеке құрамның 30-ға жуық маманы және 5 ТЖД техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, психологтар мен Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр. 

«Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы тағайындалды. Ақмола облысы ТЖД базасында жедел штаб ашылды, 87162520950 жедел желісінің телефоны жұмыс істейді», - деп ескертеді өңірлік ТЖД. 

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен адамдардың қазіргі халі туралы мәліметпен бөліскен.

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешітте газ жарылысынан зардап шеккен 16 адам Астананың қалалық стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 13 ересек және 3 бала. 7 жәбірленуші реанимация бөлімшесінде, 6 адам Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма, эндопротездеу және комбустиология бөлімшесіне орналастырылды. Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі жалынның термиялық күйіктері», - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары барған. Сондай-ақ Сабынды ауылындағы мешіт басшылығы елді мекенде болған төтенше жағдайға қатысты түсінік берді.

«Ақпарат көздеріндегі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылындағы төтенше жағдайдың мешітте болмағанын мәлімдейміз. Сабынды ауылында «Жақсыкелді» мешіті халыққа қызмет жасап тұр. Газ баллоны жарылысы болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды, себебі жаңа мешіт салынды. Жаңа мешіт салынған соң ол ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген», - деп түсіндірілген Науат Хазрет мешітінің желіде парақшасында. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды