Періштелерді жалмаған тағы бір өрт: бүгін Астанада тағы да жер үй өртеніп, төрт бала қаза болды

17.11.2024, 15:30
1207
Періштелерді жалмаған тағы бір өрт: бүгін Астанада тағы да жер үй өртеніп, төрт бала қаза болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Марқұмдардың үлкені 13-те, ең кішісі 2 жаста болған…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жазды.

«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада. 

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде», - дейді төтенше жағдайлар департаментінен. 

Әкімдік өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін айтты.

«Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жеке екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Сонымен қатар материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген әкімдік таратқан хабарламада. 

Жеке тұрғын үйде тұрып жатқан екінші отбасы уақытша баспанаға көшірілді. 

«Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп толықтырды әкімдіктен. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды