«Ішімнен тоқтамастан сүрелер оқып тұрдым»: қайта дауыс беруден соң да Ақкербез «Қазақ аруы-2024» атағын сақтап қалды

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2024, 16:15
1519
«Ішімнен тоқтамастан сүрелер оқып тұрдым»: қайта дауыс беруден соң да Ақкербез «Қазақ аруы-2024» атағын сақтап қалды жеке мұрағатынан

Жұрт наразылығынан соң «Қазақ аруы» жеңімпазына қайта дауыс беру болған еді. Екінші нәтиже бойынша да қызылордалық Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз боп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биылғы «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы екі рет анықталды. Екеуінде де жеңімпаз деп қызылордалық 17 жасар Ақкербез Ысқаққызы халық таңдауы атанды. Ол KAZ.NUR.KZ сайтына берген сұхбатында жобаға дайындығы, байқаудың әділдігі туралы айтып берген. 

Ақкербез жеңімпазды халық таңдайтынын естігенде қатты қорыққан. Себебі өзін туыс-туғандарынан басқа ешкім танымағанын айтты.

«Алғысым шексіз. Негізі бізге басында «Халық өзі таңдайды» деп айтылды. Содан бастап менде уайым болды. Себебі мені туған-туыстарымнан басқа ешкім танымайды. Әлеуметтік желілерім де дамымаған. Ал арамызда блогер қыздар болды. Содан шамалы қорқа бастадым. 

Мен де Tik-Tok-тағы парақшама видеолар салып, белсенділігімді арттырдым. Содан кейін халық мені танып, ұната бастады. Солай бойымда бір сенмділік ұялады. Мені қолдайтын адамдар өте көп болды. Сол себепті менде ондай қорқыныш болған жоқ. Ең қатты уайымдатқан сәт – сұрақ-жауап кезеңі болды. Мейлі, тәжді алмай кетсем де, сұрақ-жауапты абыроймен алып шықсам деп ойладым. Сұрақ-жауапқа шыққанда ішімнен сүрелерді тоқтамай оқып тұрдым. Мен білетін сұрақ келгенде Аллаға шүкіршілік жасадым», – дейді «Қазақ аруы» Ақкербез.

Ақкербездің айтуынша, байқауға дайындық екі айға созылған көрінеді. Ол байқаудағы қарсыластарымен конфликке келген кездері болмағанын да айта кетті.

«Бұл байқауға екі ай дайындалдық. Ең есте қаларлық сәт, Шарын шатқалындағы түсірілім болды. Ол екі күнге жалғасты. Өте суық болды. Тонғанымыздан мүлдем денемізді сезбей қалдық. Негізі қыздар да жақсы болды. Бірақ келіспеушілік деген нәрсе барлық жерде болады ғой. Әйел адамдардың арасында ол міндетті түрде болатын нәрсе. Нақты өзімде ешкіммен ұрыс-керіс болмады. Бәрімен жақсы қарым-қатынаста болдым», – дейді «Қазақ аруы» Ақкербез.

Сондайақ жеңімпаз қыз әділ өтпеді деген пікірлердің болатынын алдын ала сезген, жеңімпаз болған жағдайда хейтке дайын болғанын жеткізді.

«Сөздің ашығы, байқау әділетті өтпеді деген қауесеттер жыл сайын болатын әңгіме. Қазылар алқасы болса, «сатып алды» дейді. Халыққа таңдау беріп тұр. Сонда да боттарды бұғаттап тастады деп жатыр. Мен де басқа қыздар секілді сахнаның артында уайымдап тұрдым. Маған да таныстарым, достарым жазды. «Бот жұмыс істемей жатыр, дауысымызды қабылдамай жатыр» деп айтты.

Мен де қатты уайыидап кеттім. Бірақ Алланың қалауымен маған бұйырып тұрған тәж болып тұр. Арттан әңгіме айту, әділ болмады деп айту, хейт деген нәрсеге дайын болдым. Өйткені мен «Сыр аруы» атанғанда да маған хейт келді. Өзімді осындай жағымсыз жайттарға дайындап келдім. Барлық қыздардың көңілі түсетіні анық. Оларды түсінемін. Оған дейін еңбектендік, бірге дайындалдық. Ол кісілерге айтар қарсы пікірім жоқ», – дейді «Қазақ аруы» Ақкербез

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді