«Момент өзгеріп салды, Астағфируллаһ!»: Алтынай Жорабаеваның жақындарынан көңілі қалды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2024, 18:25
2397
«Момент өзгеріп салды, Астағфируллаһ!»: Алтынай Жорабаеваның жақындарынан көңілі қалды (ФОТО) жеке мұрағатынан

Үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева жақындарынан көңілі қалғанын айтып, желіде азулы жазба жариялады. Өнер иесі өзін сөз етіп жүргендерге үндеу жасады. 

Алтынай Жорабаева артынан сөз айтып жүрген жақындары туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. 

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, «Сен кереметсің, жаным, күнім» деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. «Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз» деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?!

Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері «Ғайбат айтпаңыздар» деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырғанымды білсін деп ескертейін дегенмін», – деді әнші. 

Сонымен қатар Жорабаева мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ екенін жеткізді.

«Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», – деп жазды өнер иесі.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)