«Тұман, көктайғақ»: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

18.11.2024, 09:15
609
«Тұман, көктайғақ»: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Sputnik / Владислав Воднев

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 18 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті.

Шығыс Қазақстан облысы

17 қараша кешінен 18 қараша сағат 20:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесі туралы ескерту сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысы

Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысы

Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таулы асуларда жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысы

Таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды