Көлігін сатып, балаларды халықаралық жарысқа апарған бапкердің қызы чемпион болды (ФОТО, ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 10:35
625
Көлігін сатып, балаларды халықаралық жарысқа апарған бапкердің қызы чемпион болды (ФОТО, ВИДЕО) жеке мұрағатынан

6 жасар Хадия – әлем чемпионы атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екібастұздық алты жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан Әбу-Дабиде өткен халықаралық додада KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды. Финалдық кездесуде жеткіншек Біріккен Араб Әмірлігінің өкілінен басым түсті. Бұл туралы Kazinform жазды.

Чемпион қызды әкесі жаттықтырады. Бұл отбасында Хадиядан бөлек тағы бес бала джиу-джитсумен шұғылданады. Олардың барлығы әкесінің тәлімін алып жүр.

Джиу-джитсу
Фото: Самат Құнаевтың жеке мұрағатынан

42 жасар Самат Құнаевтың өзі джиу-джитсумен айналыса бастағанына бірнеше жыл ғана болған. Ол спортқа келгелі денсаулығы дұрысталғанын айтады. Көптеген әлем чемпионатына қатысып үлгерген. Отағасы бүгінде грэпплингтен Қазақстанның спорт шебері. Әкесінің жетістігі балаларын шабыттандырып, бүгінде жетеуінің алтауы оның жолына түскен.

- Кенже балам үш жарымда, оған спортпен шұғылдануға әлі ерте. Ал Хадиям спортпен айналысып жүргеніне екі жылдай болды. Ол бұған қоса еркін күрестен де жаттығады. Әлем чемпионы атануға күрестің де пайдасы тиді деп ойлаймын. Өзім Абу-Дабиде өтетін халықаралық турнирге 2021 жылдан қатысып, үш жыл қатарынан жүлдегер болсам, биыл бірінші орынды иелендім, - дейді Хадияның әкесі.

Джиу-джитсу
Фото: Самат Құнаевтың жеке мұрағатынан

Самат Нұртайұлы бүгінде балаларды джиу-джитсуге баулып жүр. Өз балаларынан бөлек, Екібастұз бойынша 100-дей бала оның тәлімін алуда. Абу-Дабидегі турнирде қызы Хадиямен қоса, бапкердің жаттығуларына қатысып жүрген шәкірттері – 8 жасар Сирин әлем чемпионы атанса, 13 жасар Сальсабиль үшінші орыннан көрінді.

Джиу-джитсу
Фото: Самат Құнаевтың жеке мұрағатынан

Бұл турнирге балаларды апарып қатыстыру үшін Самат Құнаев өзінің жеке автокөлігін сатып жіберген. Ақшаның көп бөлігі ұшақпен ұшуға, жатар орынға кеткенін айтады. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды