Астаналық таксист әйел Перизат Қайраттың 2 жыл бұрын беремін деп уәде еткен пәтерін әлі алмағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 11:11
1499
Астаналық таксист әйел Перизат Қайраттың 2 жыл бұрын беремін деп уәде еткен пәтерін әлі алмағанын айтты жеке мұрағатынан

2 жыл бұрын бес айлық сәбиімен такси болып желіде танылған Әселге Перизат Қайрат хабарласып, үй береміз деп сахнаға алып шыққан. Бірақ Әсел әлі де балаларымен пәтер жалдап, такси болып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елорда тұрғыны Әсел Омарова осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне Перизат Қайрат шыққанын, әйелге пәтер берілетінін мәлімдеп, үміттендіріп қойғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

«Сыйлықты» сертификат түрінде галаконцертте ресми түрде табыстаған екен. Дегенмен арада қаншада уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтердің кілтін қолына ұстай алмапты. 

Естеріңізде болса, 2 жыл бұрын бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйел желі жұлдызына айналған еді. Оның әрекеті көпті таңғалдырып, желіде қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар бірауыздан қолдап, Әсел Омароваға 1,7 миллион теңге жинап беріпті. Осы жағдайдан соң әйелмен Перизат Қайрат байланысқа шығып, үйіне барған. Сол кезде отбасыға пәтер сыйлауға уәде еткен, тіпті көптің алдында сертификат табыстаған. Бірақ сол күйі үй берілген жоқ дейді.

“Жамандыққа қимаймын, дегенмен “барды бар, жоқты жоқ” деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, “үй табыстаймыз” деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді”, – деді астаналық Әсел Омарова.

Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді. Айтуынша, өзі хабарласқан кезде “күнде ертең” деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.

Фото: Әсел Омарованың жеке мұрағатынан

“Үміт деген қиын екен, “әне беріп қалар, міне беріп қалар” деп күтіп жүр едім. Соңғы рет 4-5 ай бұрын хабарластық, сол кезде “1-2 айдан соң беріледі” деді. Бірақ қайтадан үнсіз қалды”, – деді ол.

Әсел балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады. 

Жағдайға қатысты Biz Birgemiz қор өкілдері жауап бермеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды