«Оған сахнаға мас боп шығу қалыпты боп кетті»: Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен неге араласпай кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 12:59
1341
«Оған сахнаға мас боп шығу қалыпты боп кетті»: Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен неге араласпай кеткенін айтты жеке мұрағатынан

Белгілі продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлінің продюсері болған уақытта оның гонорарын 10 мың долларға дейін көтеріп бердім дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медиа маманы Виктория Новичковаяға берген сұхбатында өнер иесімен жұмысты тоқтату себебін түсіндірді. 

“Онымен танысқан кез күні кешегідей есімде. Төреғали маған әкесімен келген еді. Ол кезде тек айтыскерлердің арасында танымал болды. Өзінің алғашқы жеке концертін бермекші болған. Бірақ эстрадада аса танымал болмады.

Мен бұл жобаны қолыма алдым және оны "Ұлы дала баласы" деп атадым. Оның әкесі маған "еті сенікі, сүйегі менікі" деді. Бұл терең мағынасы бар сөз. Бұл оның маған деген үлкен сенімін білдірді. Сондықтан мен онымен шынайы жұмыс істеуге бекіндім.

Оның гонорары бастапқыда 200-500 доллар болды, шамамен 2-2,5 жылда 8 000 – 10 000 долларға дейін көтердік. Ол өте танымал болды. Эстрадаға келіп жолы ашылды. Тіпті жарты жылда бір күні де бос болмады.  Соңғы концерт Талдықорғанда өтті. Онда біз 36 мың көрермен жинадық", – деп бастады әңгімесін продюсер.

Продюсердің сөзінше, өнер иесі сатқындық жасағанымен бірдей сөз айтып, кетіп қалған. 

“Біз өте нашар қоштастық. Ол кезде оның жасы бар болғаны 24-те еді. Қазан айында 25 жасқа толатын. Бес күн қатарынан Республика сарайында концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, оның тойы, бал айы болатын болды.

Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді. Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті.

Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім. Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды.

Ол маған "Жан, ол сенің проблемаң" деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан "Жан аға" болдым. Бұл мен үшін маңызды. Ол маған "сен" деп сөйледі.

Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды. Сахнаға мас күйінде шығу ол үшін қалыпты дүниелерге айналып жатты, – деді Жан Мұқанов. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады