Шаруадан астық қабылдау: Президенттің тапсырмасын күтіп отыру керек пе?

18.11.2024, 13:50
579
Шаруадан астық қабылдау: Президенттің тапсырмасын күтіп отыру керек пе? Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астықты тікелей сатып алу жоспары туралы айтты.

«Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы тапсырма берді. Ертең Үкімет отырысында Азық-түлік корпорациясы арқылы фермерлерден тікелей астық сатып алу тақырыбын талқылаймыз. Бастапқы 10 млрд теңгені бөлуді Қаржы министрлігі дайындап жатыр. Осы қаражатқа сатып алуды бастай береміз. Ары қарай тағы қосымша қаражат бөлінеді», - деді А. Сапаров Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін тілшілер сұрағына берген жауабында

Министрдің айтуынша, Азық-түлік корпорациясындағы жинақталған бидай сатылғаннан кейін, осы босаған қаражат та фермерлерді қолдауға бағытталады.

«Дәл қазір шаруалардан қанша астық тікелей сатып алынатынын күн бұрын айта алмаймын. Ертең Үкіметте шешім қабылданғаннан соң, жалпы көлемі жарияланады», - деді министр.

Еске салсақ, жақында Президент Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырған болатын. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)