ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясында жаңа казарма ашылды

18.11.2024, 14:33
608
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясында жаңа казарма ашылды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Петропавлда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясының жаңа казармасының салтанатты ашылуы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаңа казарманың ашылу салтанатында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков құттықтау сөз сөйледі.

Аталған іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары генерал-майор Бауыржан Әбжанов пен полковник Еркебұлан Хамидуллин, сондай-ақ "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков және өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

Дәстүрге сәйкес казарманың қызыл лентасын аймақ басшысы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы кесті.

- Казарманың жаңа түрі жайлы, заманауи, ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Бұл жай ғана ғимарат емес, оқу уақытына арналған жаңа үй. Мұның бәрі ізгі қамқорлықпен жасалды. Сіздерге өз ісіңіздің нағыз кәсіпқойы болу үшін оқуда сәттілік тілеймін. Біздің ел сіздерге сенім артады, - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

- Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі болып табылатын болашақ офицерлер үшін жаңа казарманың ашылғанына куә болдық. Мұнда оқыту мен қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Академия курсанттары осы мүмкіндіктерді пайдалана алатынына және білімді тәртіппен үйлестіре отырып, Отанға адал қызмет ететініне сенімдімін,-деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.

Осыдан кейін облыс әкімі мен Ішкі істер министрінің орынбасары бастаған құрметті қонақтар 27 жыл ішінде 4 мыңнан астам офицер дайындаған  Академияның казармалары мен оқу корпустарын аралады. Олар қолбасшылық және басқару кабинеттерінде, оқу орнының кафедраларындаболды. Магистратура және қосымша білім беру факультетіне барып, білімдерін тереңдету, жаңа кәсіби дағдыларды алу және әскери мамандардың іскерлік қасиеттерін дамыту жөніндегі міндеттерді білді.

Делегацияны ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының бастығы полковник Артур Токушев алып жүрді.

Айта кетсек, казармада жатын бөлмелері, жаттығу залдары, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, заманауи душ бөлмелері, жуынатын бөлмелер, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау бөлмелері және оқу сыныптары бар. Барлық үй-жайлар бірыңғай стильде салынған және барлық заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ қонақтар Академия мұражайына барды, онда оның тарихы мен күнделікті өмірін бейнелейтін экспозицияларды тамашалады. Содан кейін қонақтар Академияның басқа нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Ал әскери оқу орнының клубында Ансаған Скендерұлы Академияның қолбасшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.

Іс-шара соңында Бас Қолбасшы Академияның Ұлттық ұлан үшін маңыздылығын атап өтіп, еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге қосқан үлесі және олардың білім беру міндетін абыроймен атқарып жүргені үшін жеке құрамға алғысын білдірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді