798

Олимпиада бітті, бірақ марапат біткен жоқ

Париж Олимпиадасынан жүлде алғаны бар, алмағаны да бар, құрметтен құр қалып жатқан жоқ. Пәтер де, көлік те, ақшалай сыйлық та табысталды. Марапаттар әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Олимпиада бітті, бірақ марапат біткен жоқ
Getty Images / Francois Nel

Мәселен, күні кеше дзюдошы, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды. Сүйінші жаңалықты дзюдошы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әбибаға бұл атақтың куәлігін Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты барысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.

Естеріңізге салсақ, Әбиба Әбужақынова — дзюдодан Қазақстанның танымал спортшысы, 3-ші дан (IJF) иегері, 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жүр. Ол 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Материал авторы