«Тұрсын да декретте отыр»: Баян Мақсатқызы қыздары Алиса мен Алманы қалай бағып жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 16:22
1644
«Тұрсын да декретте отыр»: Баян Мақсатқызы қыздары Алиса мен Алманы қалай бағып жатқанын айтты жеке мұрағатынан

Күйеуім қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты. Ол бұған дейін ешқашан декреттік демалысқа шықпағанын мойындады. 

– Бала туып үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашанда мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай болмаса жылап мазалаған емес. Екі қызымда да декреттік демалыста отырған емеспін. 

Қазір Тұрсын декреттік демалыста отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күн киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. «Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек» деген уайыммен жүреді, – деп ағынан жарылды продюсер.

Сондай-ақ, жолдасының бала күтушілерге қойылатын талабының қатал екенін де айтып берді. 

– Тұрсын әлі маска тағып жүр. «Қыздар маскасыз жүрсең сені танымай қалады» деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. 

Түні бойы соларға қарап жатады. Жауапкершілігі мол адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді, – деді Баян Мақсатқызы. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды