Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды

18.11.2024, 17:01
1091
Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды жеке мұрағатынан

Мықтылар турнирінде топ жарған көпбалалы ана Әйгерім Азия чемпионатына да қатыспақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы жасақталды. Құрлық додасында ел намысын қорғайтындардың арасында бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева да бар. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді. 

Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді. Қазіргі уақытта бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер құрамасы Алматы облысында дайындығын пысықтап жатыр. 

Ұлттық құрама сапына енгендердің қатарында Әйгерім Сәттібаева да бар. Бес бала тәрбиелеп отырған ана Қарағандыда өткен «Мықтылар турнирінде» топ жарған еді. Оның жұбайы Олжас Сәттібаев бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы. 

Таиландтағы Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы:

48 кг. Әйгерім Сәттібаева;

50 кг. Алуа Балқыбекова; 

52 кг. Жазира Орақбаева;

54 кг. Сымбат Әлиасқар;

57 кг. Ұлжан Сәрсенбек; 

60 кг. Виктория Графеева; 

63 кг. Аида Әбікеева;

66 кг. Милана Сафронова;

70 кг. Наталья Богданова; 

75 кг. Диана Мағауияева; 

81 кг. Гүлсая Ержан;

+81 кг. Елдана Талипова. 

Еске салайық, қазақ боксшылары қатысатын Азия чемпионаты өтетін ел өзгерген еді. Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында болады деп жоспарланды. Бірақ кейін ұйымдастырушылар жарысты Таиландтың Чиангмай қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды