«Лондонға 4 айға кетемін»: Елдос Сметов ағылшынша үйрену үшін шетелге бармақ

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 18:16
907
«Лондонға 4 айға кетемін»: Елдос Сметов ағылшынша үйрену үшін шетелге бармақ жеке мұрағатынан

Елдос оқуға аттанбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ағылшынша үйрену үшін төрт айға Лондонға (Ұлыбритания) оқуға бармақ. Бұл туралы спортшы "Ақтөбе" телеарнасына берген сұқбатында айтты. 

Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатына арнайы қонақ ретінде шақырылған Елдос Сметов алдағы жоспары туралы сөз қозғады. Ол қазір ағылшын тілін үйренуді қолға алып жатқанын айтты. 

«Келесі жылдың басында Лондонға 4 айға оқуға барамын. Ағылшын тілін үйрену үшін арнайы кетіп бара жатырмын. Құдай қаласа, Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшынша сұқбат беремін», - деді спортшы. 

Еске салайық, Елдос Сметов Олимпиада ойындарында өзге спортшылармен ағылшын тілінде емін-еркін тілдесе алмағаны үшін қатты намыстанғанын айтқан еді. 32 жастағы Сметов Париж Олимпиадасының финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Осылайша, дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды. Ол 2016 жылы Риода күміс, 2021 жылы Токиода қола медаль жеңіп алған болатын.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді