«Досыма келдім»: ресейлік әнші Леонид Агутин Батырхан Шүкеновтің зиратына барды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 18:46
884
«Досыма келдім»: ресейлік әнші Леонид Агутин Батырхан Шүкеновтің зиратына барды (ФОТО) жеке мұрағатынан

«Алматыда жүргенде досымның зират басына барып қайттым…»

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейлік танымал әнші, композитор Леонид Агутин Алматыға келіп, арнайы Батырхан Шүкеновтің зират басына барды. Өнер иесі желіде жазба жариялап, марқұм досына деген сағынышын жеткізді. 

Леонид Агутин өнердегі досы Батырхан Шүкеновтің зират басына барып, Instagram-дағы парақшасында фото жариялаған. Ресейлік әнші марқұм әртістің зиратына бармағанына біраз уақыт болғанын жасырмады. 

«Алматыда жүргенде досымның зират басына барып қайттым. Бармағаныма біраз болыпты. Тауда әсем жерде орналасқан, айналасының барлығы тап-таза. Батырды білетін, оны мақтан тұтатын, оған қамқор болып жүрген жандарға алғыс айтамын. Қызығы, мыңға жуық адам жерленген үлкен бейітке қарай бет алғанда ары қарай қалай жүру керектігін білмедік. Жүргізуші бірінші кезіккен адамнан Батырдың зираты қайда деп сұрады. Ол қай Батыр екенін анықтамай-ақ, бірден жол көрсетті. Батыр, қымбаттым, қайталанбас тұлға. Сені қатты жақсы көреміз, сені сағындық», - деп жазды Агутин.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды