«Мұсылман дінін қабылдап, атымды Мәдина деп өзгерттім»: қазаққа келін болған Ресейдің тумасы атқа мініп, іс тігеді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 19:30
730
«Мұсылман дінін қабылдап, атымды Мәдина деп өзгерттім»: қазаққа келін болған Ресейдің тумасы атқа мініп, іс тігеді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Мәдина трендке айналған шапандар тігіп, аттың құлағында ойнайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, балалық шағында әкесімен бірге Ресейден Қарағанды облысына қоныс аударған Марина осы елге сіңіп, қазаққа келін болып, мұсылмандықты қабылғанын айтады. Таңшолпан бағдарламасына берген сұқбатында қазақ келіні Мәдина ауылдан кеткісі келмейтінін жеткізді. 

Телеарна мәліметінше, Мәдина Мәскеуде дүниеге келген. 1980 жылы әкесі отбасымен Қарағанды облысына жұмыс бабымен көшіп келеді. Ол содан бері ауылда өсіп, қазақ мектебінде оқыған. Кейіннен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, мұсылман дінін қабылдайды.

Жолдасымен 30 жыл отасып, қазір 6 баласынан немере сүйіп отыр. Қазір Мәдина трендке айналған шапандарды тігумен айналысады. Ауылдастарынан тапсырыс қабылдайды. 

Іс тіккен ұнайды. Тігін тіккенде ештеңе ойламаймын, тек әндетіп отырамын. Біреу мазамды алғанын ұнатпаймын, - дейді ол. 

Мәдинаның балалары – студент. Үйдің де, түздің де жұмысы өзінің мойнында. Атқа мініп, тіршілігін тындырады. Ол – ауылдағы жастайынан арғымақ мінген санаулы қыздың бірі. Қазақ мектебін бітірген ол кейін мұсылмандықты қабылдаған. 

Атқа отырғаннан өзімді керемет сезінемін, бір жағынан ем. Қан айналады. Бұрынғы кезде неге ауру аз болды? Өйткені атқа мінгендер көп болды. Қазір ешкім атқа мінбейді. Ауылдан кеткіміз келмейді. Осы жер ыстық, - дейді кейіпкер.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)