«Төреш мені ұрасыз деп ойладым деді»: Жан Мұқанов сатқындықтан соң Төреғалимен қалай татуласқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 20:25
1390
«Төреш мені ұрасыз деп ойладым деді»: Жан Мұқанов сатқындықтан соң Төреғалимен қалай татуласқанын айтты жеке мұрағатынан

Араға үш жыл салып, продюсер Жан Мұқановтан әнші Төреғали Төреәлі кешірім сұрап, олар бір-бірімен жылап табысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық танымал продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төреәлімен қалай татуласқанын айтты. Продюсер мен әнші жанжалдан кейін араға үш жыл салып, бір-ақ кездескен. 

Жан Мұқанов өзі продюсерлік еткен Төреғали Төреәлімен татуласқан кезін Виктория Новичковаға берген сұқбатында айтып берді. Продюсер «Ұлы дала баласын» үш жылдан кейін көргенде оған шапалақ бергісі келгенін мойындады. Ол Төреғали де мұндай жағдайға дайын болғанын жеткізді.

Алайда продюсер мен әртіс ешқандай қол көтерусіз, арадағы мәселені дұрыс жағынан шешкен. Мұқанов әнші екеуі үш жылдан кейін құшақтасып, жылап табысқанын жасырмады. 

«Араға үш жыл салып, Шымкентте көрісеміз. Ол кезде Шымкентке көшіп кеткенмін. Кеңсемде отырдым. Екеуміздің ортақ танысымыз бар. Ол кісі де танымал той-мереке ұйымдастырушысы. Ол менен бір әртіске өнер көрсетуге домбырамды бере тұруын сұрайды.

Менің домбыралар коллекциям бар. Артық ойсыз, өтінішін қабыл алдым. Домбырамды бердім. Өзі келіп, алып кетті. Бірақ бірнеше сағаттан соң маған хабарласып, «Сен ренжімейсің деп ойлаймын. Бұл домбыраны мен Төреғалиге бердім» дейді. Мен ренжіген жоқпын. Ол кезде мен бәрін ұмытып, ренішім басылған. 

Ол маған домбыраны Төреғалидің өзі апарып бергісі келіп тұрғанын айтты. Сөйтіп үш жылдан кейін кездестік. Мен оған шапалақ берем деп ойладым. Ол да мені ұратын шығар деп ойлағанын айтты. «Сіз мені ұрсаңыз да, мен соған лайықты едім» деді. 

Соңында құшақтасып, жыладық. Шынымды айтсам, мен оны қатты жақсы көрдім, жақсы көремін де. Мен продюсерлік еткен жұлдыздардың арасында Төреғали бірегейі еді. Мен бұл жобамды мақтан тұтамын. Біз тарих жасадық. Аз уақыт ішінде 10, 20, 30 мыңдық стадиондарды жинау кез келген әртістің қолынан келе бермейді», - деді Жан Мұқанов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады