868

«Басым бөлікте антициклон әсері, басқа өңірлерде қатты жаңбыр-қар»: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

«Басым бөлікте антициклон әсері, басқа өңірлерде қатты жаңбыр-қар»: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) жауады.

Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – жел күшейіп, батыста, оңтүстікте, орталықта – көктайғақ күтіледі.  

Материал авторы