«Сынып жетекшісіне айтып, көмек сұраған»: тағы бір оқушы қызды өгей әкесі зорлап келген

19.11.2024, 09:58
713
«Сынып жетекшісіне айтып, көмек сұраған»: тағы бір оқушы қызды өгей әкесі зорлап келген depositphotos.com

Павлодарда кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қыздың өзі сынып жетекшісіне зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан. Артынша күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Павлодар облысындағы аудандардың бірінде өгей әкесі мектепте оқитын қызын зорлап келген.

«Аудандардың бірінде 16 жасқа толмаған қыз бала өгей әкесі тарапынан жыныстық зорлыққа ұшырағаны туралы оқиға анықталды. Бұл жағдай сынып жетекшісінің арқасында белгілі болып отыр. Ол қызбен сөйлесіп отырып, біраз уақыттан бері өгей әкесі кәмелет жасына толмаған қызды зорлап келгенін анықтаған.

Аталған қылмыстық дерек барлық өкілетті органдарға, соның ішінде маған хабарланды», - деп мәлімдеді өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова.

Жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жасөспірім медициналық мекемеге жатқызылған, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Өгей әкеге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша іс қозғалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды