«Теңізшевройлда» мұнай өндіру көлемі азайды

19.11.2024, 10:20
534
«Теңізшевройлда» мұнай өндіру көлемі азайды Exclusive

Министрлік техникалық жұмыстарға байланысты азайтылды деп мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Теңізшевройлда» техникалық жұмыстарға байланысты мұнай өндіру көлемі азайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Энергетика министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында мұнай өндіру көлемі 28-30 пайызға төмендеп, тәулігіне 61-63 мың тоннаны құрады. 

«Екінші буын зауытында (ЕБЗ) 400-орнатылымдағы E-401A қазандық-утилизаторына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс көлемі ішінара тоқтатылды. Құрал-жабдықты тексеру барысында жергілікті коррозияға ұшыраған ақаулар анықталды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 23 қараша. 

Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрлігі 2024 жылғы 2 мамырда сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салған болатын. 

Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газ тапшылығын шешу мақсатында жасалған шектеу тағы жарты жылға ұзартты.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)