Жалпыға бірдей декларация: Кімдер босатылады?

19.11.2024, 11:00
734
Жалпыға бірдей декларация: Кімдер босатылады? imghub.ru

Жасыратыны жоқ, әлі күнге дейін жалпыға бірдей декларация жайлы түсінбейтіндер көп. Әсіресе, жұмыссыз жүргендер «бізге қатысы қанша екен?» деп ойланып әлек. Бұл ретте, бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев декларация тапсырудан босатылатын санатты атады.

Бүгінде алғашқы үш кезеңнің нәтижесінде, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірді. 2025 жылдан бастап декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды. Бұлшамамен 8 миллион адам.

«Автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, және Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында осы санаттағы 4 кезеңге кіретін азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырудан босату ұсынылады.

Олар: жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалары. Босату рәсімі осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамын қамтиды», – деді министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді