862

Уайымдатқан уақыт белдеуі: Бектенов не дейді?

Қазақстандықтар әлі күнге дейін уақыт белдеуінің ауысқанына қарсы шығып жатыр.

Уайымдатқан уақыт белдеуі: Бектенов не дейді?
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауыспағынымызды алға тартты.

«Сауда министрі өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды.

Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және Ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Материал авторы