31 жасында жол апатынан қаза тапқан танымал дәстүрлі әншінің қызы тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 12:31
976
31 жасында жол апатынан қаза тапқан танымал дәстүрлі әншінің қызы тұрмысқа шықты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Кезінде Баян Нұрмышеваның продюсері болған марқұм Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмыс құрды.

Қазақтың ән өнеріне қоңыр даусымен, қазақы бояулы үнімен қосылып, дәстүрлі әннің майын тамызып орындаған шебер әнші, Биғазы Тұтқабеков Қарағандының Жаңарқа топырағының түлегі еді. 2006 жылы көлік апатынан көз жұмған марқұм Биғазы Тұтқабеков дәстүрлі әнші ғана емес, «Серпер» тобының мүшесі, «Аршын» тобы мен сол жылдардағы енді сахнаға шығып келе жатқан жас әнші Баян Нұрмышеваның продюсері болған. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дәстүрлі әнді жаңғыртқан марқұмның қызы Қарлығаш Биғазықызы кеше ұзатылған.

Қарлығаштың өзі де әнші. Ол Күләш Байсейітова атындағы мектепте пианино бойынша білім алған. Дирижер болған, сонан соң Жүргенов атындағы өнер академиясында эстрада-вокал бағыты бойынша үшінші оқыды. Естеріңізде болса, ол «Қазақстан» ұлттық арнасындағы Qazaqstan дауысы жобасына қатысып, сәтті өнер көрсеткен.

Ол бұл жобаға әкесінің есімін өшірмеу үшін келгенін де алға тартқан болатын.

Бұрын көп адам танитын. Уақыт өте келе ұмыт бола бастағанын байқамын. «Биғазы?» деп ойланып қалады. Айтып түсіндірген соң барып есіне түсіреді. Қайта жаңғыртсам деймін. Сондықтан да Қарлығаш Биғазықызы деп әкемнің атымен шығып жүремін. Әкемнің атын өшірмеу мақсатында келіп тұрған жайым бер, - деді бойжеткен.

Қарлығаштың жары да музыкант. Есенәлі есімді жігіт гитарада ойнайды. Жастардың тойы туралы журналист Анна Данченко жеке парақшасында бөлісті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды