970

«Ваннада шомылған»: Ақтауда бір жасар сәби көз жұмды

Жедел жәрдем келгенше бала жан тапсырды…

«Ваннада шомылған»: Ақтауда бір жасар сәби көз жұмды
көрнекі фотосурет / pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бір жасар бала Ақтаудағы ваннада шомылу кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 29а шағын аудандағы көпқабатты үйдің пәтерінде болды. 

29 шағын аудандағы № 3 үйден шақыру 4 қарашада сағат 22:38-де келіп түсті. Әкесінің айтуынша, нәресте ес-түссіз болған. Одан 15-20 минут бұрын, бала ойыншықтарымен су толтырылған ваннаға шомылған.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте қайтыс болды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор