«Қол-аяғы «қарлығаш» позасында байланған»: Жаркентте көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлының анасы тың ақпарат айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 15:26
1786
«Қол-аяғы «қарлығаш» позасында байланған»: Жаркентте көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлының анасы тың ақпарат айтты жеке мұрағатынан

Марқұмның денесі түнгі сағат 1-де әскери бөлім аумағынан табылды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан әскерінде тағы бір әскери қызметшінің өліміне қатысты мәліметтер белгілі болды.

Бұл жолы 27 жастағы капитан Дархан Нұрланұлы қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісі қаза тапқан офицердің ағасымен сөйлесіп, оқиғаға қатысты тудыратын мәліметтерді анықтады.

Айта кетейік, марқұм офицердің туыстарының нұсқасы Құрлық әскерлері баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметтерден түбегейлі ерекшеленеді.

Қайғылы оқиға 14 қарашаға қараған түні болған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты Жаркент қаласындағы №74261 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы, 27 жастағы Дархан Дәулет тәуліктік нарядта болған. Дарханның денесі түнгі сағат 1-де әскери бөлім аумағынан табылды. Оның туыстарының айтуынша, марқұмның қолы мен аяғы “қарлығаш” позасында байланған, аузына кляп салынған. Сонымен қатар, басынан жарақат анықталған.

«Бізге, ата-анасына, ұлымыздың өлімі туралы тек 6 сағат өткен соң, яғни таңғы 7-де хабарлады. Ұлымның денесінде зорлық-зомбылық іздері, көптеген соққылардың ізі, басындағы жарақат және қан ұйыған іздер бар. Мен ұлымның өліміне кінәлілердің барлығын заң аясында жауапқа тартуды және қажетті тергеу шараларын жүргізуді талап етемін, себебі осы іске қатысы бар адамдардың барлығы қамауға алынған жоқ.

Менің сенімімше, ұлымды өлтіруге осы бөлімнің ықпалды офицерлері қатысқан. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде баламның өліміне қатысты жалған ақпарат таралуда, яғни ол түнгі 01:00-де диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс жаттығу кезінде қаза тапты деп айтылуда. Бірақ түнгі 1-де қандай жаттығулар болуы мүмкін?» – деді марқұм офицердің анасы Назгүл Досыбекова.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды