«Өзі аз қазақты қырып салдыңдар!»: Меруерт Түсіпбаева биліктен әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 16:56
657
«Өзі аз қазақты қырып салдыңдар!»: Меруерт Түсіпбаева биліктен әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап етті жеке мұрағатынан

Кеңес үкіметі кезінде тәуелді болсақ та, әскерге кеткендер аман-есен үйлеріне қайтатын еді. Ал қазір ше?…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісті. Өнер иесі әскерде қаза болған сарбаздың өліміне қайғырып көңіл айтты.

Одан кейін билік басындағыларға үндеу жасады. 

«Біз бұрын тәуелді болдық. Бірақ, Кеңес үкіметі кезінде әскерге кеткендер аман-есен үйлеріне қайтатын. Енді тәуелсіз мемлекетпіз. Өз қазақтарымыз басқарып отыр. Қай саланы алсақ та мынадай бассыздыққа тосқауыл қоятын жан бар ма?! Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой?! Енді есейді, енді қызығын көремін деп отырғанда, сұлатып үйіне әкелу не үрдіс?!

Бүкіл Қазақстанда бұйрық беріп, әскери жүйені тәртіпке келтіретін бір еркек табыла ма?! Айдың күннің аманында не мынау енді?! Өзегім өкініштен өртеніп отыр. Тағы бір қазағымның отбасы қара жамылды. Қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды әнші желідегі парақшасына. 

Еске салсақ, Жаркенттегі әскери бөлімшеде капитанының мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Мұрқұмның туыстары оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтіргенін алға тартты. Қорғаныс министрлігі мұндай нұсқаны жоққа шығарды. 

Бұған дейін, әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы – Қорғаныс министрлігі жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқан видеоға пікір білдірген еді. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды