«Райм, мені жібермеді Катарға, Бір жылап алдым жатарда»: Гүлнұр Мамасарипова туған күнін Катар елін шулатып тойлатты (ВИДЕО)
Продюсер мерейлі 50 жасын тойлату үшін Катар еліне ұшып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жас мерейтойын Катар елінің төрінде тойлатты.
Кинопродюсер жаңа жасын құрбыларымен шетелде қарсы алды.
«Шығып кетіп сапарға!
Келіп қалдық Катарға...
50-дегі құрбылар,
Мен қосылдым қатарға», – деп жазды продюсер.
Одан кейін өнердегі құрбысы, әнші Ерке Есмахан туған күн иесіне әзіл өлең жолдады.
«Райм, мені жібермеді Катарға,
қосыла алмай қатарға,
осы видеоны көрген соң,
бір жылап алдым жатарда», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің суырыпсалма ақын екенін қызу талқылап жатыр.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор