«Бір Алла сақтады, төрт секундта көлік аударылып кетті»: Ернар Айдар жол апатына түскен

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 20:30
1129
«Бір Алла сақтады, төрт секундта көлік аударылып кетті»: Ернар Айдар жол апатына түскен жеке мұрағатынан

Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды дейді әнші Ернар Айдар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі 2017 жылы бойдақ кезінде жол апатына түскенін «Жақсы адамдар» бағдарламасында айтып берді.

«Күнім, сен сөнбеші» деген әнімнен кейін болашақ жарыммен жолықтым. Алдымен, жол апатына түстім. Оған дейін бойдақ өмір сүрдік. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ.

Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен ауруханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден «Үйленесің» деді. Содан шаңырақ көтеруді шынымен ойладым», – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ жол апаты денсаулығына қалай әсер еткенін де айтып берді. Сөзінше, 2-3 ай ауруханада жатқан көрінеді.

«Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым», – деді Ернар Айдар. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр