Туристер үшін Маңғыстаудағы Бекет Ата жолына визит-орталық салынады

21.11.2024, 09:40
417
Туристер үшін Маңғыстаудағы Бекет Ата жолына визит-орталық салынады nationalgeographic.kz / Фархат Қабдықайыров

Маңғаз Маңғыстаудың даласына турист тарту үшін жолдарды түзеп, абаттандырып, визит-орталықтар салынбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау өңіріндегі «Жыланды» мүйісі туристік орын ретінде абаттандырылып, Бекет Ата жолының бойынан саяхаттаушылар үшін келесі жылы визит-орталығы салынады.

Бұл туралы Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың аудан халқымен кездесу жиынында мәлімдеді. Қарақия ауданының бас жоспарына сәйкес, теңіз жағалауынан «Жыланды» мүйісіне дейін туризмді дамыту үшін арнайы жер бөлінді. Бүгінгі күні «Жыланды» мүйісін туристік орын ретінде дамыту мақсатында жоба жасақталып жатыр.

Сонымен қатар, Бекет Ата жолының бойынан «Визит Ақтау» ЖШС визит-орталығын салмақшы. Жоба құны 200 млн теңге. Онда өңірдің туристік әлеуеті жайлы толық ақпарат жинақталады. Мамандар туристерге қандай саяхат түрін таңдау керегі жайлы бағыт береді. Саяхаттаушылардың ас-суын ішіп, тынығуына мүмкіндік жасалады. Орталық құрылысы келесі жылы басталады.

Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сай. Қарақия ауданында туризм саласын дамыту мақсатында тағы да бірқатар жоба ұсынылып отыр.

Атап айтқанда, «Қызылқұм» жері мен Сенек ауылынан демалыс орындарын ашу көзделуде. Құрық Порты бағытындағы жол бойында қызмет көрсету орталықтары мен «Сенек Сафари» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар әйгілі Бозжыра шатқалына барар жолдың құрылысын салу да жоспарда бар.

 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды