«3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
21.11.2024, 12:35
978
«3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Түркістан облысындағы түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысындағы №55 түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды. Майор Дархан Төлегенов түрме басшысы ұрып-соғып, жұмыстан мәжбүрлеп шығарды деп отыр. Аталған жайт туралы 31-арнаның Информбюро бағдарламасы жеткізді.

Ішкі істер органында 15 жылдан аса тәжірибесі бар азамат өзге де заңсыздықтарды айтып берді. Жәбірленуші Дархан Төлегенов түзеу мекемесінде жарты жыл ғана жұмыс істеген. Ол түрменің үш бірдей басшысы кабинетке кіргізіп, соққыға жықты деп отыр. Оны орындықпен ұрып, негізсіз жала жапқан.

«Қызмет бөлмесіне кіргізіп алып, «Мекемеге есірткі кіргізбек болдың, сотталғанға ұялы телефон кіргізбек болдың» деп жалған айыптады. Сол жерде мені ұрып, мойнымнан қылқындырып, мәжбүрлі түрде баянат жаздырып алған», – деді Дархан Төлегенов.

Ер адам полицейлерді шақырса да, олар мүлдем шара қолданбаған. Дегенмен бұл жайттан кейін түзеу мекемесінде тексеріс жүргізілген екен.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бөлім бастығы Қарлығаш Құралбаева мүлдем заңбұзушылық анықталмағанын айтады.

«№55 түзеу мекемесінде сотталғандар мен заңсыз қарым-қатынасқа түскендер дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сәйкес теріс қылықтармен босатылды. Басшыларына қатысты прокуратура мен қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сай дәлелін таппауына байланысты тексеріс тоқтатылды», – деді Қарлығаш Құралбаева.

Ер адам енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек. Айтуынша, бейнебақылау камерасында барлық жайт жазылып қалған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды