Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды

21.11.2024, 13:20
577
Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды ustinka.kz

Атыраудағы «Асыл агро» мал базарында өлген сиырдан сібір жарасы анықталды. Ірі қара Батыс Қазақстаннан әкелініпті.

Мамандар өлекседен сынама алып, нәтижесінде Сібір жарасы анықталғанын растап отыр. Мал базары карантинге жабылған. Қазір ондағы адамдар бақылауға алынып, мал соятын цехтар мен базарлар түгел тексеріліп жатыр.

«Ірі қаралар Батыс Қазақстан облысы Жанқала ауданы Жаңақазан ауылынан келген. Оның ішінен бір бас ауырып өлді. Сібір жарасы анықталғаны рас. Қорытындысы келді. Астанаға ғылыми зерттеу орталығына қарашаның 16-сы күні жіберілген. «Асыл агро» базары жабылды», – деді АШМ Ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облысы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Баяров.

Санитарлық дәрігерлер мен ветеринарлар қаладағы барлық мал базарын бақылауға алды. Малдарға екпе салынып қана қоймай, онымен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды. Өйткені мамандардың сөзінше ауру малдан адамға жұғады.

«Ауру мал анықталған жерге барып, мал күтіміне араласқан, малды әкелген, қарым-қатынаста болған адамның барлығы анықталып, мәліметтер денсаулық сақтау ұйымдарына берілді. 14 күнге бақылауға алынды. Жалпы бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды. Малдан адамға жұғады, – дейді Атырау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол