Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты

21.11.2024, 14:30
574
Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналистер сұрағына жауап берді.

Сауалдардың бірінде Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының қаржылық мәселесі сөз болды.

Журналистер қауымы клуб ойыншыларының соңғы 3 айдан бері жалақы алмағанын айтып, жағдайдың қалай шешілетінін сұраған болатын.

«Клуб басшылары маған келіп, бюджетті көбейтейік, 1-2 орындарға таласамыз деп айтады. Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым. Біз қазір ауыл спортына көбірек көңіл бөліп жатырмыз», - деді Нәлібаев.

Әкім қазіргі уақытта бұқаралық спортты дамыту мен ауылдық жерлерде спортқа жағдай жасауға басымдық берілгенін алға тартты.

Жалпы, қазақстандықтар шетелден келген ойыншыларға қомақты қаражат беру, клубты облыс бюджетінен қаржыландыруға жиі қарсы шығады. Шетелде әр клуб жарнама, өзге де тетіктер арқылы өз жағдайын жасаса, отандық клубтар әкімдікке алақан жайып отыр. Нәлібаевтың сөзі өзге өңір басшыларына ой салған шығар...

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді