Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр?
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты ақпарат айтты.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден «осы іс бойынша қамауға алынғандардың сатты артты ма?» деп сұраған болатын. Е. Сәденов ұсталған күдіктілер саны өзгермегенін айтты.
«9 қылмыстық істің арасында бесеуі (тергеу амалдары) аяқталды. Бұл тұрғыда бірнеше іс қаралып жатыр. Осылардың барлығын аяқтағаннан кейін, сот нақты нүктесін қояды», - деді ведомство басшысы.
Материал авторы