Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы»

21.11.2024, 15:48
622
Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» baq.kz

Қаңғыбас иттің мал түгілі, адамға қауіп төндіргені жайлы оқиғалар аз емес.

Тұрғындардың бір бөлігі «ату керек!» десе, енді бірі арнайы пана салу идеясын қолдайды. Ондағы иттерді асырау үшін де аз қаражат жұмсалмайтыны белгілі. Күніне шамамен 5 мың теңге қажет екен.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, депутаттар бұралқы иттерді аулап, ортасына қайтармауды ұсынып отыр,

«Ал қазіргі заңға сәйкес иттерді аулайды, зарарсыздандырады, вакцина егіп, қайта ортасына жібереді. Елордадан өзге өңірлерде осы принциппен жұмыс істеп жатыр. Заңдағы жаңашылдық қаңғыбас итті аулап, 14 күн ұстау, сол уақыт аралығында иесінемесе панажай табылмаса итті жою, ал өлексені жою ветеринарлық-санитарлық тәртіп бойынша жүзеге асырылады», - деді Нұркен Шәрбиев.

Вице-министр бұралқы иттерді аулап, өмір бойы бағу керек деген ұсыныстардың барын жасырмады.

«2023 жылы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын иелері тіркеп, чиптеу нормасы күшіне енді. Егер тіркелген, иесі бар итті аулаған жағдайда, оны 60 күн бойы ұстайды және иесіне алып кетуін хабарлайды. Еуропа басқа да әлемді осы тәсіл қолданылады. Өткен жылы ел бойынша 247 мың ит ауланды. Егер ауланған иттерді табиғи жолмен өлгенше асырау керек болса, оларды зарарсыздандыруға, вакциналау және тіркеуге шамамен 20 млрд теңге қажет. Облыстар ұсынған статистикаға сәйкес бір итті асырауға күніне 5 000 теңге жұмсалады, ал былтыр ауланған 247 мың итті асырауға 400 млрд теңгенің үстінде қаржы қажет етеді», - дейді ол

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды