SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында цирк қойылымы кезінде қауіпті жағдай орын алды. Көрсетілім барысында жолбарыстар өнер көрсетіп жатқан сәтте жыртқыштардың бірі қоршаудан асып, көрермендер отырған залға секіріп кеткен.
Оқиға үш жолбарыс қатысқан номер кезінде болған. Манеж бен көрермендерді бөліп тұрған қорғаныс торы кенеттен құлап, соның салдарынан бір жыртқыш еркіндікке шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, жолбарыс қатарлардың арасында біраз уақыт еркін жүрген. Сол сәтте ересектер балаларды қорғау үшін оларды қалқалап қалған.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Цирк қызметкерлері жыртқышты қайтадан торына кіргізген.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тексеріс бастады. Ростов облыстық ішкі істер органдары барлық мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді. Тергеу нәтижесіне қарай заң аясында шешім қабылданады.
Сонымен қатар, Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы да бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.
RUS