330

«Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды

Ресейлік әнші Қазақстандағы концерті аяқталған соң марқұм досының қабіріне барды.

«Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды
instagram.com/agutinleonid

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік әнші Леонид Агутин Қазақстандағы концерті аяқталғаннан кейін қазақ эстрадасының аңызы Батырхан Шүкеновтің қабіріне барып, марқұм досына құрмет көрсетті.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, Шүкеновке деген сағынышын жеткізді. Ол Астанада өткен концерттен кейін жиналған гүлдерді де марқұмның рухына арнағанын айтты.

«Сәлем, қымбатты досым! Қазір сенің даналығың, мейірімің, қайталанбас музыкалық талантың қатты жетіспейді. Кеше Астанадағы концерттен кейінгі гүлдердің бәрі — көрермендер мен бізден саған деген құрмет. Рақмет саған! Біз сені сүйеміз және ешқашан ұмытпаймыз», — деп жазды әнші.

Бұл қадам қазақстандықтардың жүрегіне жетті. Әлеуметтік желі қолданушылары Агутиннің бұл әрекетін жоғары бағалап, оның Шүкеновке деген адалдығы мен қазақ халқына деген ықыласын атап өтті.

Желіде «Батырдың рухына деген құрметіңіз үшін рақмет», «Шынайы достықтың үлгісі», «Іс сөзден биік» деген пікірлер көптеп жазылды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор