Бір кездері готикалық шіркеулердің қоңырау үнімен оянатын Германия қалалары бүгінде Ислам өркениетінің рәмізі — азан үніне құлақ түреді. Тұрғылықты жұрттың ғибадатханаларының ықпалы бәсеңсіп, мешіттер мен өзге де діни ғибадат орындарықатарының артуы — заманауи неміс қоғамының жаңа шындығына айналды.
Сакралды сәулеттің жаңа келбеті: шіркеуден мешітке қарай
«ГФР-дің киелі-сакралды архитектурасыөзгеруде: шіркеулердің орнына мешіттерашылып жатыр. Германияда христиан шіркеулері бірінен соң бірі жабылып жатқанда, өзге діни ғимараттар көбеюде. Үндістаннан немесе Сириядан келгендердің ғибадат орындары неміс қалаларының келбетіне жаңа реңк қосып, адам танымастай түрлендіретүсуде», — деп жазды германиялық DW (Дойче Велле).
Бұл құбылыстың ең жарқын көрінісін Баварияфедералды жеріндегі Нюрнберг маңында орналасқан Эрланген қаласынан байқауға болады. Халқы 119 мыңнан асатын бұл шаһардағы екі ірі мешіт өз аумағын кеңейтуді қолға алса, белсенді топтар Шива мен Вишнуға арналған үнді храмын тұрғызу үшін қала маңында жер телімін сатып алған.

Сурет: prayersconnect.com
Қалалық интеграция және әртүрлілік бөлімінің басшысы Сильвия Кляйн (Silvia Klein) мұнықалыпты құбылыс деп санайды. Оның пайымдауынша, бұл — мәдениеттер, тілдер мен діндердің өзара тоғысуының жемісі.
Алайда, осы жаңа бетбұрыстың тасасында дәстүрлі христиан конфессияларының ықпалы төмендеп барады, деп жазады германиялық ақпарат құралдары. Статистикаға сүйенсек, бұрын Германия тұрғындарының басым бөлігі өзін католиктік шіркеумен байланыстырушы еді.Бүгінде халықтың тек 44%-ы немесе ГФР-дегі 83,5 миллион тұрғынның 36,6 миллионы ғанакатолик немесе евангелиялық шіркеулердің мүшесі болып қалуда. Бұл көрсеткіштің жыл өткен сайын құлдырап бара жатқаны жарияланды.
Неміс шіркеулерінің «екінші өмірі»
Осы орайда бұл конфессияларға қарайтын ғибадатханалар жиі жабылып, қайта жөндеуден өтіп, көлемі кішірейтілуде немесе басқа мақсаттарда қолданылуда екен.
Ақпарат құралдарының хабаралуынша, келушілері азайғандықтан бүкіл Еуропада жабылып жатқан шіркеулер саны артып келеді.Германияда бос қалған шіркеулер орнына не ашылғаны жария етілді. Олардың кейбірі өнер ордасына айналса, кейбірі коммерциялық нысанға ауысқан.
• Океанографиялық мұражай: Штральзундтағы Әулие Екатерина монастыры— солтүстік герман готикасының үздік үлгісі әрі Балтық теңізі жағалауындағы ең көне нысанның бірі. Оның іргесі XIII ғасырда қаланған. Бүгінде оның үш деңгейлі қабырғасында Океанографиялық мұражай экспозициясы орналасқан.
• Спорттық жарға өрмелеу орталығы: биік төбелер мен кең бос кеңістік — скалодром жабдықтау үшін бұдан артық не керек! Бос жатқан шіркеу ғимаратын таңдағанда жергілікті кәсіпкерлер осылай ойласа керек. Батыс Германиядағы Мёнхенгладбахта орналасқан бұрынғы Әулие Петр шіркеуі бұл үшін өте қолайлы көрінген. Бүгінде скалодромға айналған сиыну үйі енді бос жатпайды: бос уақытын спортпен айналысуға арнағысы келетін жастар мен отбасыларға толы.

Сурет: vunv1863.wordpress.com
• Ресторан және коктейль-бар: Билефельдтегі көне Мартиникирхе шіркеуін бүгінде тану мүмкін емес. Жөндеуден кейін ол «люкс» класындағы мейрамхана мен коктейль-барға айналды. Келушілердің қарасы үлкен: үстелді бірнеше күн бұрын брондау қажет. Себебі бұрынғы ғибадатхананың атмосферасы қонақтардыерекше қызықтырады.
• Концерт залы: Нойбранденбургтегі (Мекленбург – Алдыңғы Померания федералды жері) Мариенкирхе шіркеуінің керемет концерт залына айналғанына 17 жылдай болды. Ол 850адамның жайғасуына есептелген. Бұрынғы ғибадатхананы қайта жабдықтауға 16 миллион еуроға жуық инвестиция салыныпты.
• Тұрғын үй: Тюбинген маңындағы Офтердингендегі жаңаапостолдық шіркеу енді баспанаға айналды. Ол егде жастағы ерлі-зайыпты жұпқа тиесілі. Германияда мұндай жағдай сирек емес. Көптеген бұрынғы ғибадатхана ғимараттары бүгінде тұрғын үй ретінде пайдаланылады, адамдар тұрады немесе қонақтарға, туристерге жалға беріледі.Өйткені мұндай жылжымайтын мүліктің бағасы қолжетімді екен. Кейде бос қалған киеліқұрылыстар аукционға да шығарылады.
Сондай-ақ, басқа шіркеулер мұражайға, кітапханаға және арт-галереяларға айналды.Осыған қарап, «Германия дінсіз болып барады», «Дінге сенбейтіндердің үлесі шіркеу мүшелерінен асып түсті» — деп германиялық телеарналар жиі дабыл қағып тұрады.
Бірақ бұл қоғамның басқа бөлігіне – мұсылман жамағатына қатысты емес болса керек. ГФР Миграция және босқындар істері жөніндегі федералды ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы санақтың өзінде Германияда 5,3 миллионнан астам мұсылман бар екені белгілі болған.
Германиядағы Ислам дінінің түлеуі
«Германияның діни ландшафты барған сайын түрленіп жатыр, бұл байламмен дауласу қиын. Бұл жаңа құрылыстардан көрініс табады, бірақ олардың нақты санын атау мүмкін емес. Германияда мешіттер тоқтаусыз салынуда. Түрік-ислам діни мекемелер одағының (DITIB) хабарлауынша, 2025 жылы Фёрде, Корнвестхайм және Кёнген қалаларында жаңа мешіттер ашылды, ал Гисен мен Виллихте жаңа үлкен мешіттердің іргетасы қаланды», — дейді неміс журналисі Кристоф Штрак.
DITIB Германия мұсылмандарының 862 қауымдастығын біріктіреді. Одақ Анкарадағы Діни істер жөніндегі басқармаға (Диянет), ал, ол өз кезегінде тікелей Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға бағынады.
Сондай-ақ, Пәкістаннан шыққан және сол жақта қудалауға ұшыраған ахмадия Ислам ағымы да ГФР-де жылына бірнеше мешіт ашады. Соңғысы 2026 жылғы ақпан айында Эрфуртте ашылды.
«Бастапқыда, мешіттің құрылысы басталып жатқанда бұл қауымдастық қоқан-лоқыға, тіпті шабуылдарға ұшырады. Енді жағдай өзгерді: біз кешен бойынша күн сайын дерлік мектеп оқушыларына да, қарттарға да экскурсиялар өткізіп тұрамыз», — деді оның өкілі Сүлейман Мәлік.
Неміс төрін азан тербейді
Енді Германияда таңғы азанды да естуге болады. Мысалы, Кельн мұсылмандары жария түрде намазға шақырылады. Бұл туралы журналист Павел Мыльников баяндады.
Германиялық ақпарат құралдары мұны растайды. Кельн орталық мешітінің азаншысынажұма намазына дауыс күшейткіштер арқылы азан айтуға рұқсат берілді. Кельн орталықмешітінің азаншысы 2023 жылдың 14 қазаны, жұма күні жергілікті мұсылмандарды алғаш рет намазға жария шақырды. Тиісті келісімге қала билігі мен Түрік-ислам діни мекемелер одағы (DITIB) арасында қол қойылды.
Азан шақырулар жергілікті уақытпен сағат 12-ден 15-ке дейінгі аралықта болады, нақты уақыты күннің орналасуына байланысты. Азанның ұзақтығы бес минуттан аспауы керек,дыбыс деңгейі — 60 децибел.
Германия Мұсылмандары орталық кеңесінің төрағасы Айман Мазиек (Aiman Mazyek) бұл жаңалықты құптайды.
«Азан айту — мұсылман намазының ажырамас бөлігі және Германияның кейбір қалаларында әлдеқашан күнделікті өмірдің көрінісіне айналды», — деп мәлімдеді Мазиек «Redaktionsnetzwerk Deutschland» басылымына.
DITIB бұл рұқсатты «мұсылман діни қауымдастықтарын қоғамның бір бөлігі ретінде қабылдаудағы маңызды қадам» деп атады.
«Жұма намазына шақыру Кельннің ең үлкен мешітінде бұрын да естілетін, бірақ оны тек ішкі ауладан ғана естуге болатын еді», — деп жазды кельндік «Kölner Stadt-Anzeiger» газеті.
Кельн билігі өз кезегінде ГФР-де діни сенім бостандығының қорғалатынын қадап айтты. Оның бағалауынша, миллионнан астам халқы бар қала тұрғындарының 11 пайызы Ислам дінін ұстанады.
Азаншының аспанды әуенге бөлеп, азан айтуына ГФР-дің 30-ға жуық өңірінде куә болуғаболады. Мысалы, бұл тәжірибе Дюренде (Солтүстік Рейн – Вестфалия жері) 1984 жылдан бері бар.
Германияда мұндай шараларға қойылатын бірыңғай талаптар жоқ. Мысалы, Солтүстік Рейн – Вестфалиядағы Эр-Эркеншвикте азан айтуға жұма күндері жергілікті уақытпен сағат 12-ден 14-ке дейін рұқсат етілген және ол 15 минуттан аспауға тиіс.
Дюренде азаншыға күніне үш рет намазға шақыруға рұқсат етілсе, Раунхаймда (Гессен жері) тек жұма күндері ғана жол беріледі, әрі азан ұзақтығы төрт минуттан аспауға тиіс. Алайда мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында бұл қалада азаншының күнделікті азан айтуына тыйым салынбайды. Шу деңгейінің шегі әр қалада әрқалай. Ислам дәстүрінде азаншыәдетте мүміндерді күніне бес рет парыз намазына шақырады, деп хабарлайды dw.
Рухани ренессанс: Ислам игілігі — адамзаттың асыл мұрасы
Кәрі құрлықтың жүрегіндегі бұл өзгерістер — заманның ағысы. Бір кездері Батыста мүлдемжат саналған азан үні бүгінде Еуропа лидерініңтөл қалаларының күнделікті тынысына айналып барады. Қасиетті дініміз Еуропа төрінде осылайша жаңа белесіне шықты.
Бұл үрдіс — әлемдегі рухани тепе-теңдіктің жаңа формасы. Мұсылман үмбетінің бір бөлшегі болып табылатын Қазақстан қоғамы үшін бұл — дініміздің мерейі үстем болғанының жарқын айғағы.
Еуропа аспанында жаңғырған азан үні — бұл жай ғана діни жоралғы емес, бұл — шөліркеген рухтың кәусар бұлақпен қауышуы, тоқыраған сананың ізгілік нұрымен қайта түлеуі. Батыс әлемі материалдық игілік пен технологиялық өрлеудің шыңына шыққанымен, ішкі жан дүниенің үндестігі мен мейірімнің тапшылығын сезіне бастаған тұста, Исламның келуі Еуропа үшін рухани тепе-теңдіктің жаңа кепілі іспетті.
Ислам тек сенім емес, ол — парасат пен сабырдың мектебі. Батыс қоғамына Ислам әкелетін ең үлкен жақсылық — отбасы институтының беріктігі, үлкенге құрмет, кішігеізет көрсету сынды ұмытыла бастаған асыл құндылықтардың қайта жаңғыруы. Мұсылман қауымының Батыс төріндегі бейбіт тіршілігі — төзімділік пен диалогтың, өзара бауырмалдықтың алтын көпіріне айналмақ.
RUS