«Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді

Азиз Қалижан Редактор
19.04.2026, 12:34
215
«Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді бейнежазбадан

Білім басқармасы арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеріс бастайтынын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасы төңірегінде дау туындады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба балалар арасындағы жанжалдан кейін қоғам назарын аударды.

Ата-аналардың бірі балабақшада агрессия көрсететін бала бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бала өзімен бірге кеңсе пышағын алып жүріп, қатарластарын қорқытып, қыз балаларды ұрып-соғатын көрінеді.

«Ол топтар арасында еркін жүріп, басқа балаларға тиіседі. Ұйықтасаңдар, бір жерлеріңді кесіп тастаймын деп қорқытады», — делінген ата-ананың шағымында.

Сондай-ақ ата-ана бұл баланың балабақша басшысының баласы екенін алға тартып, жағдайға тиісті деңгейде реакция болмай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, балалардың қауіпсіздігі екінші орынға ысырылған.

Ата-аналарға бейнежазба түсіруге және бақылау камераларындағы жазбаларды алуға рұқсат берілмеген. Учаскелік инспектор мұндай материалдарға тек ресми арыздан кейін ғана қол жеткізуге болатынын түсіндірген.

Жалпы ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап, лауазымына қарамастан әділ әрі ашық тексеріс жүргізуді талап етіп отыр.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомство 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап қызметтік тексеріс басталатынын хабарлады.

Арнайы жұмыс тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты қаралатыны айтылды. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды